ФЭНТЕЗИ ТИПОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Author:

Демесинова А.А.ORCID,Екрем АянORCID,Кажибаева Г.К.ORCID

Abstract

ХХ-ХХI ғасырдың әлемдік мәдениетіне адамзат басынан өткен екі бірдей дүниежүзілік соғыстар нәтижесінде туындаған дағдарыстарға байланысты өмірдің ащы шындығынан оқшаулануға, тарихи дамудың мифтік бастапқы кезеңдеріне қайта жүгінуге бағытталған жаңа жанрларды іздеу және дамыту сипаттары тән десек қателесе қоймаймыз. ХХ ғасырдың ортасында Еуропалық прозаға ерекше жанр дендеп енді, ол кейінірек фэнтези жанры деп атала бастады. Фэнетзи жанры оқырмандардың, әсіресе жастардың арасында лезде орасан сұранысқа ие болды және бұл оның гүлденуі мен қанатын кеңге жаюына кепілдік берді.         Фэнтезидің негізгі қайнар көздері ретінде Француздық «фея» ертегісін, Скандинавиялық және Кельт фольклорын, арғы фэнтези аталарының арасында Хорас Уолпол, Уильям Моррис, Дж.Б. Кэйбелл, Э. Блэквудтарды атап өтуге болады. Фэнтезилік әдебиет заманының алғашқы кезеңіндегі ең маңызды қайраткері - «Пегана құдайлары» жинағының авторы, Ирланд эпосына негізделген өзінің мұқият ойластырылған мифологиясы бар сиқырлы әлем циклін бастаған Британдық ақсүйек Лорд Эдвард Дансениді ерекше атап кетуге болады.         Негізінде ол баста фэнтези әдебиеті өз тарихының бастауын Ежелгі Грекия мифтері мен Ортағасырлық эпостардан ("Беовульф") алады деуге әбден болады. Ортағасырлық романдар фэнтези жанрына орасан зор әсерін тигізді. Анджей Сапковскийдің пікірінше, өзінің сиқырымен, қылыштарымен және романтикасымен Артур аңызы көптеген фэнтези шығармалардың негізі болып қаланған. Қазақ фэнтезиінің арғы қайнар-бастауында Т. Рымжанов, Т. Сәукетаев, Б. Ыбырайым, Р. Сауытбай, И. Нұрғалиев, Т. Ермашев, З. Наурызбай мен Л. Калаус шығармаларына арқау болған қазақ фольклоры мен мифологиясының, ауыз әдебиеті ертегілері мен халық аңыздары жатыр. Біз осы мақаламызда фэнтези типологиясын талдауға және анықтауға талпыныс жасаймыз және ұмтыламыз.

Publisher

Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov"

Reference15 articles.

1. Monin, Maxim A. Voprosy Filosofii. 2023 Том, 1 шығарылым, 63 – 71 беттер. 2023. The Problem of the Meaning of Death in Tolkien’s The Lord of the Rings Part 1. History and Circumstances of the The Lord of the Rings Publication. ISSN 00428744. DOI 10.21146/0042-8744-2023-1-63-71. Баспагер Institute of Philosophy, Russian Academy of Sciences;

2. Аливердиев, А.А. К вопросу о русском фэнтези, Бабе-Яге, etc / А.А. Аливердиев // Махачкалинские известия. - 2006. - № 8. - С. 22-31;

3. Баркова, А.Л. Работы по русской литературе «Звезда Запада» Андрея Мартьянова / А.Л. Баркова // [Электронды ресурс]. - Кіру режимі: http://mith.ru/. - Кіру мерзімі 14.04.23;

4. «Фэнзин» - фантастика мен фэнтези сайты // [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://www.fenzin.org/. – Кіру мерзімі 14.04.23;

5. Ютанов, Н. О пользе фэнтези в мире миров / Н. Ютанов // [Электронды ресурс]. - Кіру режимі: http://www.soob.ru/. - Кіру мерзімі 25.03.23;

同舟云学术

1.学者识别学者识别

2.学术分析学术分析

3.人才评估人才评估

"同舟云学术"是以全球学者为主线,采集、加工和组织学术论文而形成的新型学术文献查询和分析系统,可以对全球学者进行文献检索和人才价值评估。用户可以通过关注某些学科领域的顶尖人物而持续追踪该领域的学科进展和研究前沿。经过近期的数据扩容,当前同舟云学术共收录了国内外主流学术期刊6万余种,收集的期刊论文及会议论文总量共计约1.5亿篇,并以每天添加12000余篇中外论文的速度递增。我们也可以为用户提供个性化、定制化的学者数据。欢迎来电咨询!咨询电话:010-8811{复制后删除}0370

www.globalauthorid.com

TOP

Copyright © 2019-2024 北京同舟云网络信息技术有限公司
京公网安备11010802033243号  京ICP备18003416号-3