Affiliation:
1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Abstract
Зерттеу болашақ информатика пәні мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін дамытуға білім беру ақпаратын визуализациялаудың заманауи технологияларын оқытудың әсерін талдауға бағытталған. Зерттеуде Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламаларына негізделген білім беру үдерісініңцифрлық трансформациясы барысында болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіне инновациялық дидактикалық тәсілдер мен цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығы аталып өтілген.Зерттеу барысында 115 респондент қатысқан сауалнама деректерін саралай келе және болашақ мамандар тәжірибелі информатика пәні мұғалімдерінің өз білімдерін білім беру ақпаратын визуализациялау технологияларының әртүрлі аспектілері бойынша бағалауын салыстыра отырып, олардың цифрлық құзыреттілігіндегі айырмашылықтарды анықтайды және оқу үдерісіндегі мүмкіндіктері мен технологияларды тиімді пайдалануында олардың әлеуетін толық ашу үшін бұндай технологияларды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу қажеттілігіне баса назар аудару керектігін ескертеді
Publisher
Abai Kazakh National Pedagogical University