Abstract
Мақалада ХХІ ғасырдың қорқынышты құбылысына айналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің іс-қимыл мәселелері және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шет елдердің оң тәжірибесі қарастырылады.
Автор терроризм мен экстремизмді мемлекеттердің ұлттық және халықаралық қауіпсіздігіне негізгі қауіп ретінде анықтайды. Бұл қатерлер неғұрлым ауқымды және жаһандық сипатқа ие болғандықтан, халықаралық қоғамдастық осы құбылысқа қарсы күрестің жалпы саясатын әзірлеуі тиіс, өйткені тек белсенді мемлекетаралық ынтымақтастықтың арқасында ғана терроризмге қарсы шаралардың тиімділігіне қол жеткізуге болады.
Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық тұжырымдамаларды біріздендіруге, террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың алдын алу мен жолын кесудің бірыңғай тетіктерін жасауға бағытталған бірқатар конвенциялар мен хаттамаларды қабылдады. Мақалада аталған халықаралық конвенциялардың негізгі ережелеріне терең талдау жасалады және олардың бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызы бағаланады.
Қазақстан Республикасының терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың тәжірибесі мол болмағандықтан, көптеген жылдар бойы терроризм мен экстремизммен күресіп келе жатқан шет елдердің заңнамасы мен құқық қорғау органдарының практикасын зерделеу мәселелері ерекше маңызды болып табылады. Автор әртүрлі мемлекеттердің терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті құзыретті органдарының бірлескен қызметінің қазіргі тәжірибесіне талдау жасады, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша негізделген ұсыныстар берді. Шетелдік тәжірибені зерделеп, оны жүйелеп, Қазақстанның жағдайына бейімдеп, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі шараларды оңтайландыруға, сол арқылы осындай күрестің құралдары мен әдістерін таңдауда ықтимал қателіктерге жол бермеуге болады.
Publisher
Kh.Dosmukhamedov Atyrau University
Cited by
1 articles.
订阅此论文施引文献
订阅此论文施引文献,注册后可以免费订阅5篇论文的施引文献,订阅后可以查看论文全部施引文献